Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

Қазақ қызының бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру және жан-жақты дамыған, заманауи тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында дәстүрлі «Наурыз аруы» байқауы ұйымдастырылды. 26 жылдық тарихы бар бұл өміршең жобаның авторы – колледж директоры, ф.ғ.к. Ш.А. Жанаева. Байқау бүгінгі күні заманауи бағытқа сәйкес жаңғырып, Елбасының  «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттаумен, «Жеті қырлы Қазақстан» мақаласын жүзеге асырумен астасып жатыр. Байқауға колледждің 5 бөлімінен бес ару қатысып, 5 кезең бойынша сынға түсті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Наурыз аруы – 2019» байқауының иегері «Шетел тілін оқыту» бөлімінің студенті Жолдыбаева Еркежан Саянқызы (Бөлім меңгерушісі: Балуангалиева А.А.) иеленді. «Вице Наурыз аруы-2019» аталымын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің студенті Ділшатқызы Ақберен (Бөлім меңгерушісі: Қомаева М.С.) иеленсе, «Рухты ару» аталымы «Қазақ тілі және әдебиеті» бөлімінің аруы Нұрмағамбет Динаға (Бөлім меңгерушісі: Мылтышева З.К.), «Үздік жоба зерделісі» аталымы «Бастауыш білім беру» бөлімінің намысын қорғаған Шайжарова Қамарға (Бөлім меңгерушісі: Аралова А.Н)  «Ұлы дала үкілісі» аталымы «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің студенті Молдашева Балжанға берілді (Бөлім меңгерушісі:Сентаева А.Б). Жеңімпаздар колледждің және байқау демеушілерінің арнайы сыйлықтарына ие болады. Сондай-ақ, қатысушылардың фотосуреттері әлеуметтік желі қолданушыларының назарына ұсынылып, ең көп лүпіл жинаған ару Нұрмағамбет Дина «LIKE ХАНШАЙЫМЫ» арнайы аталымына ие болды.