Жүргізуші – тұла бойын көргенде көңілің толатын, айтқан сөздері құлақ құрышыңды қандыратын, сахнада көрерменін баурап алатын жан. Оның сөздері түсінікті және дұрыс құралған болуы керек. Сауаттылық, ойын дұрыс жеткізе білу, керек кезде езу тарта және әзілдей білу, ал кейде ұстамды бола білу – міне, осы қасиеттер оны өз ісінің кәсіпқой маманына айналдырады.
3 ақпан күні “Алаштың білім ордасының 120 жылдық” мерейтойына орай алғаш рет колледжішілік «BEST VOICE» жүргізушілер байқауы ұйымдастырылды.
3 кезеңнен тұратын байқауға 1,2,3 курс студенттері арасынан 40 студент қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Дауысының мәнерлілігімен, әуезділігімен, ерекше жүргізушілік шеберлігімен көзге түскен студенттер әртүрлі дәрежедегі Дипломдармен марапатталды.
Қыздар арасында:
І дәрежелі Диплом – Жұмадилова Еркежан (36 топ);
ІІ дәрежелі Диплом – Жұмақанова Камила – (МДТ 21-11);
ІІІ дәрежелі Диплом – Советбекова Гүлім (ШТБ 21-09).
Ұлдар арасында:
І дәрежелі Диплом – Мұхаметрахым Сырым (32 топ);
ІІ дәрежелі Диплом – Есімбек Мақсат – (КЕ 21-09);
ІІІ дәрежелі Диплом – Әбеу Айбол (37 топ).
Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыстылды.