2.02 -12.02 күндері аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 2 курс студенттері арасында Педтехникум түлегі, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығынын лауреаты Шәкен Аймановтың туған күніне орай колледжішілік «Шәкен жұлдыздары» байқауы өткізілді. Байқау Елбасының «Рухани жаңғыру» идеясын насихаттау, Ш.Аймановтың өмірі мен кино өнеріндегі шығармашылығы, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, туындыларының қуаты мен тәлімдік мәнін насихаттау, жас ұрпақтың білікті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, актерлік шеберліктері арқылы педагогикалық шеберліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Байқау қатысушылары «Тақиялы періште», «Алдаркөсе», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Махаббат туралы аңыз», «Жамбыл», «Атаманның ақыры», «Біз осында тұрамыз» фильмдері бойынша бір кейіпкердің рөлін сомдап, актерлік шеберлікпен орындай білді. Байқау қорытындысын шығару барысында қатысушы студенттердің орындау шеберлігі, түпнұсқаның сақталуы, актерлік шеберлігі, киіну және өзін ұстау мәдениеті ескерілді. Байқау нәтижесі бойынша І орынды 22а топ (жетекшісі Шоманова Г.К.), ІІ орынды 25 топ (жетекшісі Оралғазина Г.М.), ІІІ орынды 23 топ (жетекшісі Ораш М.Ж.) пен 21 топ (жетекшісі Сүлейменова М.Б.) иеленді. Барлық байқауға қатысушы топтарға сертификаттар берілді.
Сонымен қатар, тәрбие сағаттарында колледждің І курс студенттері Ш.Аймановтың туған күніне орай өнер және мәдениет қайраткерінің өмір жолы мен еңбектерімен таныстырылды. Тәрбие сағатының барысында тақырыпқа байланысты слайдттар, суреттер мен фильмдерден үзінділер көрсетілді. Дәстүрлері мен тағылымдық іс-шаралары мол рухани ордамызда оқып жатқан студенттердің бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру әрбір сабақта, әрбір сабақтан тыс шараларда үйлесімділікпен, бірізділікпен жүргізіліп отырады.