Педагогтың жанына жақын құралының бірі – кітап. Кітапты таңдап оқи білу,оның мазмұнын терең түсіну,кітаптан алған әсеріңді өмірде қолдана білу адамның санасын,біліктілігін айқындайтын алғышарттарының бірі. Кітап- педагогтың асыл досы. Кітапқа деген махаббат бала күннен басталу керек. Ертегі, аңыз-әңгіме, тақпақ, бәрі-бәрі бүлдіршіннің кітапқа деген құштарлығын оятады.
Кітап- аса бағалы сыйлық.Мұхтар Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына орай,сондай-ақ “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында 06.02.2023-16.03.2023 күндері арасында “Кітап тарту” акциясы өтуде. Акцияға “Штб 21-09” тобы да белсене қатысты. Кітапханаға Тұрсынбек Кәкішұлының “Сәкен аялаған арулар”,Кеңшілік Мырзабековтың “Менің мұңым-махаббат”,Машқар Гумеровтың “Бұл не керемет” кітаптарын тарту етті
Ертеңім кемел болсын дейтін ел – кітап оқуды әдетке айналдырған ел.