Хабарландырулар

118 жылдық тарихы бар Алаштың білім ордасы – М.О.Әуезов атындағы педагогикалық коледжіне қала әкімі Баяхметов Бақытжан Кәкенқажыұлы арнайы келді. Білім ордасының материалдық-техникалық базасы, колледждің білім-тәрбие беру құрылымы, соңғы жылдардағы жетістіктері таныстырылды.

1903 жылы құрылған және қазіргі уақытта оның ғимараты сәулет ескерткіші болып табылатын Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Педагогикалық колледж – қазіргі заманғы озық оқу орны. Педагогикалық колледждің тарихы қазақстандық ғылымның дамуына үлес қосқан  оқу орнының түлектері, қоғам қайраткерлерінің есімдерімен тығыз байланысты: ҚазССР Ғылым академиясы академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, СССР-дің М. О. Әуезов атындағы  Лениндік және Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ ССР-і Ғылым академиясының тұңғыш президенті – Қ. Сәтпаевтің, профессор – Ә. Марғұланның, Кеңес Одағы батырлары: І.Айтықов, В. Бунтовских, В. Шулятиков, Социалистік Еңбек ерлері: Ж.Шайжүнісов, М.Носова, Д.Парийдің; қоғам қайраткерлері, қазақ зиялылары: Ж.Аймауытов, Т. Жомартбаев, Т. Қасеновтің; жазушы Ә. Нұршайықовтың, тұңғыш қазақ генералы, Қазақ ССР-і Ішкі істер министрі Ш.Қабылбаевтың, Қазақ ССР-і білім министрінің, СССР ҒА-ның тұңғыш мүше-тілшісі А. Сембаевтің, Бүкіләлемдік әйелдер конгрессінің мүшесі, қоғам қайраткері Ф.Халитованың  есімімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда колледжде болашақта өз ісінің маманы болатын студенттерге сапалы білім беріледі. Қазір колледжде он мамандық бойынша 1300-ге жуық  студент білім алуда. Болашақта балалар бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің  мұғалімі болады. Сонымнен қатар, колледж информатика, дене шынықтыру және өзін-өзі тану мұғалімдерін, балабақша тәрбиешілерін де дайындайды.

Ұлт зиялылары, Алаш қайраткерлері білім алған, ұстаздық еткен шаңырақ тарихымен танысу барысында әкім оқу орнының қала деңгейінде шешілетін   мұқтажына қатысты да мәселелерді назарында ұстайтындығын ескертті.  Қала әкімі білімнің киелі қара шаңырағында студенттер үшін жақсы материалдық-техникалық база  жасалғанын атап өтті және оқу орны аумағында орналасқан жылу қазандығының қаланың орталық жылу қазандығына қосу және оның орнына студенттердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында заман талабына сай құзіреттілік орталығын салу  туралы колледж ұжымы ұсынысының жүзеге асуын өз бақылауында ұстайтынына сөз берді.

Қала әкімі еліміздің білімі мен мәдениетіне,  ұрпақтар тәрбиесіне зор үлес  қосқан, бүкіл бір аймақты бүгінгі өркениетке әкелер жолда, халқымыздың мәдени-рухани деңгейін көтеруде ерекше орны бар коллеж ұжымының еңбегін жоғары бағалады.

Еңбек ұжымы атынан қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлына ризашылығымызды білдіреміз. Бақытжан Кәкенқажыұлы оқу орнының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігімен мұқият танысты. Педагогикалық, методикалық әлеуеті жоғары оқу орнына болашақ педагог кадрларға барлық  жерде мұғалімнің жоғары мамандығын лайықты танытуын тіледі!