Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жатақханасында колледж психологы Бигазиева Жанат Маметжанқызы 1 курс студенттеріне қолайлы психологиялық ахуал тұғызу мақсатында «Кел танысайық!» атты тренинг өткізді. Тренинг бағдарламасында студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, өзін еркін сезіну, күш-қуат алуға көмектесетін қызықты жаттығулар болды. Әрбір қатысушы өзі туралы, отбасы туралы, оқудағы осы бағытын неге таңдағаны туралы, сондай-ақ өзінің хоббиі туралы әңгімеледі. Жатақханада тұратындарға күн тәртібін жоспарлауға, тәртіп пен ережелерді бұзбауға, бір-бірін құрметтеуге және басқаларға көмектесуге бағытталған ұсыныстар берілді. Барлық қатысушылар белсенді қатыстып, тренингтің соңында өз ықыластарын білдіріп, алған әсерлерін ортаға салып бөлісті.