Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

1989 жылдың 15 ақпаны – Кеңес әскері Ауғанстан аумағынан шығарылған күн. Осыған орай, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттері, «Жас сарбаз» әскери патриоттық үйірмесінің мүшелері, колледждің «Ерлік даңқы – мәңгілік» бұрышымен таныстырылып, қалалық мәдениет үйіндегі «Ерлік пен Даңқ» мұражайына саяхат жасады.  Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігі – ұрпаққа үлгі.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Сынаптай сырғып уақыт өтсе де, ерлік ескірмейді. Оларға тағзым етіп, еске алу болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс. Бұл жылдары етегімен қан кешкен жауынгерлер қашан да құрметке лайық және жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерінің сол кездегі ерлігі бүгінгі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге.