0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 41 топ білім алушылары 01-06 қыркүйек аралығында Семей қаласындағы № 37 мектеп-гимназиясында «Баланың мектептегі алғашқы күндері» тәжірибесінен өтті. Тәжірибенің мақсаты – білім алушыларды баланың мектептегі алғашқы күндерінде жаңа жағдайға үйрену дағдыларымен таныстыру кезеңіне сәйкес педагогика, психология, жеке әдістемелерден алған теориялық білімдерін жинақтау, жүйелеу және педагогикалық біліктер қалыптастыру. Тәжірибе міндеттері – мұғалімнің сабаққа даярлықты ұйымдастыруымен және мазмұнымен, мектептегі сабақтың алғашқы аптасындағы оқу-тәрбие жұмысының ерекшеліктерімен, әдістемесімен танысу, бірінші күнгі қабылдауды ұйымдастыру және алғашқы күндердегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды бақылау.
Тәжірибе барысында машықкерлер кәсіптік тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесіне сәйкес «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты «Білім күні» мерекесіне, алғашқы ата-аналар жиналысына, мұғалімнің өткізген барлық сабақтарына, сабақтарды талдауға, балаларды қабылдау және үйіне шығарып салуға, тамақтануын ұйымдастыруға, үзілісте қозғалмалы ойындар ұйымдастыруға, сабаққа көрнекі құралдар әзірлеуге қатысты.
«Баланың мектептегі алғашқы күндері» іс-тәжірибесінен көріністер
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты «Білім күні» мерекесі
Алғашқы аптадағы оқу-тәрбие жұмысы