Жаңа жылдың басында Абай ауданы мектептерінде онлайн Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Шараға Абай ауданы білім бөліміне қарасты мектептер және жекелеме оқушылар Зум платформасы арқылы қатысты.
Колледж басшысы, ф.ғ.к. Ш. А. Жанаева мектеп оқушыларына колледж және онда оқытылатын мамандықтар туралы әңгімелей отырып, оқуға құжат тапсыру тәртіптері туралы ақпарат берді. Демалыс уақытына қарамастан кәсіптік бағдар беру жұмысына белсенділікпен қатысқан мектептер мен жекелеме оқушыларға алғыс білдіре отырып, Алаштың тұңғыш білім ордасына оқуға шақырды