КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ КҮНІ
Колледж оқытушылары мектеп оқушыларына болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға, өз ісін сүйетін, шебер кәсіп иесі болуға көмектесу мақсатында қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
№ 10 ОМ өткен “Кәсіптік бардар беру күніне” «Филология» ПӘК оқытушысы Г.К.Шоманова қатысып, оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін зерттеуге, оларды колледждегі мамандық әлемімен және оларды таңдау ережелерімен таныстыруға, кәсіби болашақта мотивацияны қалыптастыруға бағытталған әңгіме жүргізді. Мектеп оқушыларына колледж мамандықтары туралы видео көрсетіп, оқуға түсу барысында туындайтын қажетті ақпараттармен бөлісті.