Тәрбиелік жұмысХабарландырулар
АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ⚜️
📍Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
📌Аталған мақсатты жүйелі орындау мақсатында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Фиология» ПӘК оқытушысы Г.К.Шоманова мен «Математика және информатика» ПӘК оқытушысы А.Б.Сентаева Бесқарағай ауданы бойынша Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
📖Борас және Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектептерде оқушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында колледжде оқытылатын мамандық түрлері, ерекшеліктері, маңызы мен мәні туралы түсініктер берілді. Талапкерлерге қойылатын талаптар, қабылдау ережелері, оқу-материалдық базасы таныстырылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
💻Сонымен қатар, Сосновка, Кривинка, Глуховка, Бөдене мектептерімен Зуум платформасында жұмыс жүргізілді. Оқушылардың қызығушылығы байланысты колледжде атқарылатын шаралар, жүргізілетін үйірмелер, секциялар туралы ақпараттар берілді.