Кәсіптік бағдар беру — педагогтардың, психологтардың және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.
Колледж оқытушылары Г.С.Маметекова мен Ж.Төлеубекова қаламыздағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушыларға колледж тарихы таныстырылып, мамандықтар туралы толық мағлұматтар берілді.