Әдістемелік қызмет
   
🔶  09.02.2023ж күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Білім беру» саласы бойынша колледжішілік “Кәсіби шеберлік-2023” конкурсы  өтті.
🔶 Мақсаты: Педагогикалық мамандықтар және жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы мамандығының мәртебесін арттыру, қатысушылардың педагогикалық тәжірибесін ұсыну және олардың құнды тәжірибесін анықтау
🔶 Жұмыс барысы 2 кезең: теориялық және практикалық; төрт модульді: «Мен және қоғам», «Әдістемелік жоба», «Мультимедиялық технологиялар», «Педагогикалық жағдаят шешуді» қамтыды.
🔶 Педагогикалық шеберлік – бұл педагогтың кәсіби іс–әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу–тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс–тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Байқауға қатысушы әріптестеріміз бойына осы қабілеттірдің бәрін бойына сіңіре білген тәжірибелі ұстаздар.
🔶 Қазылар алқасы педагогтардың жұмыс тәртібін сақталуына, тапсырмалардың талапқа сай әзірлеуіне, іскерлігіне, ақпараттық-технологияларды тиімді қолдануына, компьютерлік сауаттылық қабілеті мен дағдысына баса назар аудара отырып, бағалау критерийлері арқылы орындарды анықтады.
🔶 Конкурс қорытындысы бойынша «Кәсіби шеберлік -2023» конкурсының БАС ЖҮЛДЕ иегері педагог-сарапшы, педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Нурланова Айгерім Қуандыкқызы атанса,
🔶  І орын педагог-зерттеуші, математика және информатика пәні оқытушысы Мавлитаева Гүлназ Айткалиевна иеленді, ІІ орынды педагог-шебер, шет тілі пәні оқытушысы Маметекова Гаухар Серикказиновна және қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы, педагог-зерттеуші Нугумарова Лаура Нурбековна бөлісіп, ІІІ орынға педагог-сарапшы, әлеуметтік-пәндер оқытушысы Сагимбеков Нуржан Ашимович ие болды. Жеңімпаздар дипломдар мен және ақшалай сыйақы сертификаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз!!!!