21 қазан күні Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы, заңғар жазушы М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы аясында және 25 қазан – Республика күніне орай «Қаламгер» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Көркем сөз – көңіл тілі» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшайраға Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі, Абай облысы филиалының төрағасы Тұрдыбек Жүнісұлы, «Дүние таланттары» одағының, ҚР авторлық қауымдастығының мүшесі Ақжан Маратқызы және жас ақын Азамат Серікұлы қатысты.
Колледжіміздің жас мамандары Т.Е.Темірбай мен Ж.Р.Қожағұлова жетекшілік ететін «Қаламгер» үйірмесінің мүшелері І кезеңде Ахмет Байтұрсынов пен М.Әуезовке арнаған жыр шумақтарын ортаға салды. ІІ кезеңде Отан, туған ел, туған жер тақырыбындағы өлеңдерін оқыды.
Жас ақындардың көкірегінен шыққан жыр жолдары жырсүйер қауымның жүрегінен орын тауып, әділқазылардың көңілінен шықты.
Шара соңында қазылар алқасы шешіміне сәйкес Бас жүлдені 32 топ студенті Ж.Ақжолтаева, І орынды ШТ 21-09-02 тобының студенті Б.Нұржанұлы, ІІ орынды ҚТ 21-09 тобының студенті Е.Елеусізов, ал жүлдеді ІІІ орынды ШТ 22-09-02 тобының студенті Б.Қапанов иеленді.