М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ДТІЖО Н.Х.Хауанова мен АӘД пәнінің оқытушысы Екибасов К.К. жол қауіпсіздік ережелері және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Затон ПБ, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы лейтенант А.А.Есентаева мен Семей қалалық желілік полиция бөлімінің лейтенанты А.А.Успанованың қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және жол қауіпсіздігі ережелері» тақырыбында 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Затон ПБ, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы лейтенант А.А.Есентаева студенттерге ұрлық, қорқытып алу, қарақшылық, бұзақылық сияқты қылмыс түрлері туралы, сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік пен заңсыз әрекеттерді жасау үшін қандай санкциялар қолданылатынын айтып, қоғам мен өмірдегі мінез-құлық ережелерін, заңдарды қатаң сақтауға шақырса, Семей қалалық желілік полиция бөлімінің лейтенанты А.А.Успанова темір жолды белгіленген және жабдықталған «Жол арқылы өту» көрсеткіштері орнатылған жерлерде өту қажет екендігін, жолдарды өтер алдында қозғалған темір жол бірлігінің жоқтығына көз жеткізу керектігін айтып өтті. Кездесу соңында студенттер өздерін мазалайтын сұрақтарына толық жауаптарын алды.