7 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Көкпекті ауданын басқарып отырған тәжірибелі де іскер әкім Ділдәбек Оразбаев пен Көкпекті ауданының беделді азаматтары және өнерпаздарымен жастарды ауылға жұмысқа шақыру мақсатында кездесу өтті. Шараға биылғы оқу жылында Колледжде Көкпекті ауданынан келіп, білім алып жатқан, 41 студент және оқытушылар қатысты. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Көкпекті ауданының болашағы туралы айта келе, келешекте заманауи үлгідегі 240 орындық бала бақша, балаларды өнерге баулудың барлық талаптары ескеріле отырып, музыка мектебі салынатындығы туралы айтып өтті.
Кездесуге Көкпекті аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқашев Сләмбек Насырбайұлы, Абай облыстық мәслихатының депутаты, «Өрнек» ЖШС директоры, меценат Қойгелдин Ержан Тұрсынханұлы, Көкпекті аудандық мәслихатының депутаттары Күшікпаев Жұмабек Құрмашұлы, Нұрғалиева Гүлназ Құдайбергенқызы, “Асыл Ана” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Асыл Қайырбекова, Көкпекті ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Нұғыбаев Бек Назарбекұлы, білім бөлімінің басшысы Танысбаев Аслан Балабекұлы, Көкпекті аудандық ауруханысының бас дәрігері Габдуллин Махат Амангелдіұлы, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахымбаев Азат Қайратұлы қатысты.
Өнегесі мен тағылым мол кездесу барысында Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев колледж директоры, ф.ғ.к. Шағангүл Алдамжарқызы Жанаеваға «Асыл ана» медалін табыстап, шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар, колледже үздік білімі және қоғамдық жұмыстардағы белсендігілімен көзге түскен Медельбекова Дильназ, Жүнісов Жан және Швабауер Кристиналарды арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, 8 студентке 50 000 теңгелік сертификаттар табыстады.
Кездесудt Көкпекті ауданының өнерпаздары әсем әуенмен әрлеп, мың бұралған бишілер көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. ШТБ тобының студент, Көкпекті ауданының тумасы Қалиасқаров Таңжарық туған жеріне арнап жазған өлең жолдарын оқыса, Амангелді Ұлпан, Швабауер Кристина жерлестеріне алғыстарын білдірді.