Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің, 226 студенті «Жазғы сауықтыру лагері» өндірістік іс-тәжірибесінен өтіп, 87 машықкер Алғыс хаттармен марапатталып келді.
20.09.2019 күні « Қызықты сәттер мен шығармашылық идеялар» тақырыбында «Көңілді жаз-2019» іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы ұйымдастырылды. Конференция барысында машықкерлер «Танысу тренингі», «Таңғы жаттығу», «Лагерге бейімделудегі қиыншылықтар және оны шешу жолдары», «Көңілді спорттық шараларды ұйымдастыру әдістері», «Лагердегі қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек көрсету әдістері», «Лагердегі көңілді және қызықты сәттер», «Инновациялық технологиялар қолдану арқылы бос уақытты ұйымдастыру жолдары», «Лагердің жабылу салтанын ұйымдастыру» сынды жұмыс бағыттары бойынша ІІІ курс студенттеріне әдістемелік нұсқау беріп, жазғы сауықтыру лагерін ұйымдастырудың тың идеяларымен таныстырып, тәжірибе алмасты.
Әлеуметтік серіктестер тарапынан колледж ұжымы мен басшысына берілген мақтау қағаздары мен марапаттары табысталып, конференция қорытындысында колледж директоры ф.ғ.к. Ш.А.Жанаева болашақ машықкерлерге сәттілік тіледі.