“Дене тәрбиесі” ПӘК онкүндігіне орай бірлестіктер арасында “Көңілді спорт” спорт сайысы өтті. Жарысқа 8 команда қатысты.
Жарыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, бірлестік арасында жолдастық қарым-қатынас орнату болды.
Салауатты өмір салты- бұл денсаулыққа байланысты адамның алға қойған мақсаттарына қол жеткізудің нақты мүмкіндіктері.
Жарыс өте қызықты өтті.
Қорытынды бойынша:
І – орын математика- информатика, музыка және көркем сәндік бірлестігі;
II – орын филология және денешынықтыру бірлестігі алса;
III – орын Педагогика-психология, жаратылыстану пәндік бірлестігі алды.
Белсене қатысқаны үшін, әлеуметтік – экономикалық пәндер бірлестігі мақтау қағазымен марапатталды.
Сайысқа қатысушылар мақтау қағазымен, колледждің кәсіподақ ұйымының заттай сыйлықтарымен марапатталды.