Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

💫24.11.2023 жылы күні “Іскерлік ғаламшары орталығы” үйірме мүшелері тағы бір жиынын өткізді. Өткізілген тақырып “Денсаулықты сақтау технологиясы “ . Ең алдымен денсаулықты сақтау жолдары бойынша оның теория жүзіндегі жалпылама мағлұмат айтылып, соның ішінде тыныс алу жаттығуын, релаксия, ритмикалық , көз жаттығулар барлығы айтылып жасалынды. Денсаулық технологиясы не үшін қажет екені туралы мағлұматтар берілгеннен кейін, іс – тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында Нәзипа Құлжанова атындағы 202-ші кабинетте үйірмемізді ары қарай жалғастырдық. Бұл кабинетте іскерлік ғаламшар мүшелеріне кабинеттің әрбір бұрыштарын жекелей таныстырып, командалық ойындар ойнадық. Жеңіске жеткен қатысушыларға денсаулықты сақтауға арналған қағидалар жазылған карточкалар таратылды. Үйірме мүшелерімен бүгінгі өткізілген жиын туралы өзара талқыға салып, өз ойларын ортаға салып және жетекшіміз Анар Сериказиновна өзінің бүгінгі жиынға пікірін білдірді. Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі

#Біртұтас_тәрбие