02.11.2021 Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ағылшын тілі апталығының аясында. “Инклюзивті білім беру педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты:ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін жеке білім траекториясын жобалау” атты коучинг өтті. Коучингті Семейдің Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқытушысы Кунебаев Н.И. өткізді. Инклюзивті оқыту баршаның сапалы білімге қол жетімдігін қамтамасыз етуге бағытталған білім жүйесін тарату процесінің бірі болып табылатынын айта келе оқытушылар мен тренинг жүргізді. Тренинг барысында пікір алмастырып өз ойлары мен бөлісті. Қазіргі таңда әр оқушыға,студентке жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім – барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз.