Хабарландырулар

26.03.2021 күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Музыка және көркем еңбек » пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігінің аясында жас оқытушылармен Имидж-коктейль «Сабақта тренингті ұйымдастыру тиімділігі»  атты тренинг ұйымдастырылды. Музыка пәнінің тәжірибелі оқытушысы Нұргүл Сағымбаева өткізген имидж коктейль тренинг  педагог мамандардың  жеке даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек беру, имиджін қалыптастыру мақсатында әртүрлі тапсырмаларды  топпен орындап, топтың проблемалық ситуацияға сараптама жасап, өзара талқылауына мүмкіндік берген тамаша шара болды. Белгілі психолог Қ.Жарықбаевтың пікірінше тұлға – өзіне де айналасындағыларға да өзгеріс жасай алатын адам. Олай болса, жас педагог маман маңайына, өзі білім беретін жеткіншектерге дамытушылық тұрғыдан әсер ететін, оның өміріне өзгеріс ендіретін адам ретінде дайын болуға тиісті. Педагог маманды қалыптастырып өзінің  ісіне дайындау оңай мәселе емес екені белгілі. Қалыптасу – адам тұлғасының дамуында немесе оның жеке қасиеттеріндегі белгілі бір фактордың әсер етуінен болатын өзгерістер. Бүгінгі іс шара барысында жастардың жеке қасиеттеріне әсер ететін бірнеше пайдалы факторлардың болғанына тренингтағы атмосфералық  жоғары көңіл күй, кері байланыс барысындағы айтылған екі жұлдыз, бір тілек кепіл.

Ағылшын сөзі “training”, яғни  тренинг “үйрету, жаттығу, тәрбиелеу, дамыту, жаттықтыру, үйрету деген мағынаны білдірсе, демек жас оқытушылар жаттығу барысында өздерін тәрбиелей отырып, білім алушыларға сапалы тренинг өткізуді үйренді. Музыка пәні оқытушысы Н.С.Сағымбаеваны сәтті өткен Имидж-коктейль шарасымен құттықтаймыз!!!