Тәрбиелік жұмыс

Бүгін 22.02.22 күні «Имандылық жарасады ұл – қызға» тақырыбында 21 топта тәрбие сағаты өтті.

Жетекшісі Ахметова Айнұр Көбегенқызы.

Бұл тәрбие сағатының мақсаты: білім алушыларға мұсылман діні туралы адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата-салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға баулу, адам бойына сіңіру болды. Білім алушылар өз ойларын постерге салып білдірді. Абай атамыз айтып кеткендей «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір иманды адамға ғибадат парыз» кемел ұрпаққа насихаттау негізінде бейнерөлик көрсетіліп топта имандылықтың маңыздылығы, қажеттілігі жайында айтылды.

Имандылық, парасаттылық– адам бойындағы ең асыл қасиеттерді білім алушылар бойына сіңірте алдық.