Нәзік жандылардың құқығын қорғайтын шара барысында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің әлеуметтік-педагогы А.С.Рысбекова, колледж педагог-психологы Ж.М.Бигазиева, Y-PEER ресурс орталығының жетекшісі Л.У.Куспанова, өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы А.Д.Керимбаева, полиция инспекторы М.Д.Толегенов жалғызбасты аналардың отбасыларына рейд жасап, түсіндірме әңгіме жүргізді. Және де қаламыздағы «Аналар үйі» орталығындағы жас аналармен кездесіп, тренингтер өткізді.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау және оған қарсы күрес, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту үшін қабылданған шаралармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған тренингтер, рейдтер барысында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық, кемсітушілік және гендерлік ескі нанымдар тақырыбында ақпараттандыру, сұхбаттасу, пікіралмасу жұмыстары жүргізілді. Тренингте психологиялық тұрақтылыққа байланысты жаттығулар, өзіндік мінез ерекшеліктеріне қатысты «Ассоциация» ойындары, стрессті жеңілдетуге арналған жаттығылар жасалды. Жастарды зорлық-зомбылыққа қарсылық танытуға үндейтін бұндай шаралардың берері де мол болмақ.
Әйелдер құқығын алға тартатын шара әр елде әртүрлі үндеумен белгілі. Ал біздің елімізде бұл шара #Мені Естіңіздер: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жояйық деген тақырыппен қоғамға үндеу салуда.