2020 жылдың 24 қазан күні Семей қаласының М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Математика және информатика» ПӘК ұйымдастыруымен колледжішілік I кустар арасында Физика пәнінен қашықтан олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты:
Колледж білім алушыларының физика пәнінен білімі, білік, дағдыларын тексеру арқылы физикаға қабілетті білім алушыларды анықтау.
Міндеттері:
– Білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
– Физика есептерін шешуде жаңа әдістерді меңгерту, тәжірибе жүзінде физикалық білімді қолдану дағдысы мен білігін дамыту
Олимпиадаға 20 білім алушы қатысты. Олимпиада екі турдан тұрады. Бірінші тур олимпиаданы ұйымдастырушының шешімі бойынша тест түрінде жүргізіледі. Тест Quizizz.com сайты арқылы алынады. Онда ұпай саны жоғарыдан төмен қарай автоматты түрде ретпен орналасады және шапшаңдықты қажет ететін бағдарлама болып табылады. Жоғары ұпай жинаған студенттер 2 турға қатысады. Екінші тур жазбаша түрде құрастырылған есептерді шығару арқылы Zoom қосымшасында онлайн жүргізіледі. Есептер шығарылып болғаннан кейін 2 минут ішінде WhatsApp желісі арқылы тапсырманы жіберу қажет. Физиканың олимпиада есептерін шығару үшін білім алушының негізгі орта білім мазмұнын игергені және колледжде алған теориялық білімін пайдалану қажет болады. Жазбаша жұмысты да комиссия мүшелері тексеріп, жеңімпаздарды анықтайды.
I тур – тест. Тест 25 сұрақтан тұрады. Олимпиада материалдарында механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика, тербелістер мен толқындар, кванттық физика тараулары қамтылған. II кезеңге өту үшін 15 ұпайдан жоғары ұпай жинау шарт. I кезеңнің тапсырмасын орындауға 40 мин беріледі.
II тур – физикалық тапсырмалар. Тапсырмаларды орындау келесі тақырыптар бойынша беріледі:
- Механика
- Молекулалық физика
- Электр және магнетизм
- Логикалық есеп
Бағалау критерийлері:
- Әрбір есеп 10 балды құрайды
- II турға берілген уақыт 40 минут
Қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар берілді.