М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, “Шет тілі және оқыту әдістемесі ” ПӘК онкүндігі жоспарына сай ағылшын тілі пәні оқытушысы Қойгельдина Б.Ж ұйымдастыруымен “Festival of fairy tales” театр қойылымы өтті.Мақсаты: Білім алушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерімен актерлік шеберліктерін дамыту “ Folk tale coctail” барысында “Негізгі орта білім” мамандығында білім алып жатқан 3 курс,34 топ студенттері ағылшын тілінде театрландырылған қойылым ұсынды.Қойылым әйгілі “Frozen” әнімен басталып, атақты бестселлер “Tom Saywer”, “Gulliver’sadventures”,”Little woman” шығармаларынан үзінділерді сахналаумен жалғасты.Қойылым барысында студенттердің өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімін арта отырып,ағылшын тілінен алған білім мен дағдыларын пайдаланып,ағылшын тілінде қойылымдарды көрермендерге жеткізе білу мәдениеті мен актерлік шеберліктері қойылымның сәтті өтуіне ықпалын тигізді. Қойылым барысында декорация,сахналық киімнің де сол уақыттың ерекшелігін сай болуы өте маңызды.Бұл тұрғыда шағын театрдың көркемдік жетекшілері ретінде топ студенттері сахнаны әрлеуге жауапкершілікпен қараған.Басты ролдерді сомдаған Смагулова Еркежан,Құбаш Аружан,Төлеуғалиева Аяжан өз кейіпкерлерін сәтті алып шықты.
Қойылымнан бөлек көрермен болып келген “Шет тілі мұғалімі” мамандығының 1-2 курс студенттерімен тақырып көлемінде қызықты ойындар ойнатылып,арнайы сыйлықтар табысталды.Студенттердің сүйіп тыңдайтын `hit` әндері караокеде шырқалды. Студенттер қойылымнана алған әсерлерімен бөлісіп,34 топ студенттерінен құралған шағын театр ұжымына шығармашылық табыс тіледі.
Қойылымға қатысушы білім алушылардың пікірінше ағылшын тіліндегі театралдық шығармашылық ұжым болып жұмыс жасау олардың көркемдік қабілеттеін дамытып, ұжымшылдыққа, өзара көмек беруге үйретіп, еңбекке деген сүйіспеншілік сезімін дамытып, ағылшын тіліндегі жаңашылдықты тануға деген қызығушылығын оятқан.Қойгельдина Б.Ж ұйымдастырылатын ағылшын тілінде шағын спектакльдер қою оқу ордасында дәстүрге айналған.
Ағылшын тіліндегі театр – оқу-тәрбие процесінің құрамдас бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің қайнаркөзі болып табылады.