Бүгін, 19 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Бияхметұлы Саировпен кездесу өткізілді. Ерлан Бияхметұлы алдымен М.О.Әуезовтің ескерткішіне гүлшоғын қойып, тағзым етіп, колледждің тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Кездесу барысында Президентіміздің идеясы, саясаты, еліміздегі әлеуметтік -әділеттілік принциптерінің орнығуы, саяси реформалардың бағыт-бағдары туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, қатысушылардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, шекаралық аумақтарды дамыту мәселесі, аймақтық даму принциптері жөніндегі ойымен бөлісті.
Бүгінгі жиынға облыс әкімінің орынбасары Е. А.Нұрбаев, қала әкімінің орынбасары А.С.Садырбаев, Қалалық маслихат хатшысы Б.Т.Ақжалов, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Әбдікәкімұлы, Өскемен аймағы бойынша бас имам Ермек қажы Мұқатайұлы қатысты.