18.02.2020 ж. Семей қаласының білім беру саласында еріктілік қызметі аясында “Еріктілік қызметі: Тәжірибе және толғаныс” атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Фесенко Н.А. білім бөлімі қызметкерлері, қала мектеп әкімшіліктері, мектеп мұғалімдері және М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж әдіскерлері мен колледж студенттері қатысты.
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждегі “Бастауыш білім беру” мамандығы бойынша оқып жатқан студенттер іс-тәжірибе бағытында волонтерлық жұмысын оқу жылы барысында жүргізіп, ерекше білім алуды қажет ететін, патронаттық тәрбиедегі, жағдайы төмен және көп балалы отбасы балаларын мектеп өміріне бейімдеуге, үй тапсырмаларын орындауға көмек көрсетіп отырды. Кездесу барысында колледж студенттері волонтерлық бағытындағы жүргізген жұмыстарын ортаға салды.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері және ата – аналар волонтерлық жұмыстың оң нәтижесі бар екені туралы пікірлерін білдірді. Дөңгелек үстел соңында білім басқармасы Н.А.Фесенко колледж басшысы Ш.А.Жанаеваға білім бағытындағы волонтерлық жұмыс жақсы жолға қойылғандығы туралы ризашылығын білдіріп, рахметін айтты.
Волонтерлық жұмысты алып жүрген “Бастауыш білім беру” мамандығынның 3,4 курс студенттері мен жұмысты жүйелі атқаруына ат салысқан әдіскерлеріне Б.Ж. Калкеноваға, Н.Д. Кичигинаға, Д.Б. Музапароваға, Э.Н. Нурашеваға, З.Д.Сахариеваға, Табилтай Серікгүлге сәттілік тілейміз!