Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің “Бастауыш білім беру” бөлімінің БББ 21-09-01 тобының 313-ші Бекбаев А. Т. атындағы атаулы кабинеттің шағын ғылыми зерттеу орталығының мүшелері Еңбек және Ұлы Отан соғысының ардагері, Семей қаласының Құрметті азаматы Бекбаев Асылхан Табылдыұлының еңбек жолы мен ерлік жолын 4 курс студенттерінен қабылдап алып, ары қарай зерттеп, насихаттап жатырмыз.
– Бекбаев А. Т. өмірі мен еңбек жолымен таныстық;
– “Ерлік пен Даңқ” мұражайына барып деректер алдық;
– Дәстүрлі колледжшілік “Менің елім Қазақстан” өнер байқауында жары Татьяна Федоровнамен танысқан сәті туралы қойылым көрсеттік, сондай-ақ, 1 курс студенттеріне таныстыру мақсатында брошюра тараттық;
– Кабинет ішіндегі альбом үнемі толықтырылып отырылады. Асылхан атаның ұрпақтарымен байланыс жасалып, ашық іс-шараларға шақырылып тұрады. Ұстаздардың ұстазы болған Асылхан Табылдыұлының еңбегі мен ерлігі жас ұрпаққа өнеге. Ер есімі -ел есінде мәңгілік.