Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

05.10.2018 ж. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауын «М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК ұжымы және студенттері тікелей эфирден тамашалады. Эфир аяқталған соң, қызу талқыға түскен жолдау – ұстаздар қауымының көңілінен шығып, оң пікірлер айтылды.

05.10.2018 ж. оқу орнының белсенді жастары, Семей қаласы жастар ресурстық орталығы және жергілікті телеарналардың қатысуымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында жолдау талқыланып, пікірлер ортаға салынды. Болашақ ұстаздарды Елбасының мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту жөніндегі, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігі туралы тапсырмалары және 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынуы  бір серпілтіп тастады. Белсенді жастар үшін бұл жолдау – тың серпіліс болмақ.