17 ақпан колледжімізде Жас Отан ұйымның қолдауымен, Қуат Тұрсынғалиевтың «Екінші болма, көшбасшы бол!» атты тренинг кездесуі өтті.
Қуат Тұрсынғалиев тренинг кездесуде қазіргі заманда өзекті болған көшбасшылық туралы, нағыз көшбасшының бойында болатын, болуы керек қасиеттер жайлы сөз етті. Сондай-ақ тұлғалық, жеке дамудың алғышарттарын да айта кетті.
Жас Отан белсенділері бұл тренинг кездесуден бұған дейін білмеген ақпараттарымен танысты. Көшбасшылық қасиеттерді қалай арттыру керек, тұлғалық дамудың жолдары қандай болатынын білді. Өз білімдерін толықтырды!