24.12.2019 Экономика және кәсіптік қызмет негіздері пәндерінің оқытушысы Сағымбеков Нұржан Әшімұлының ұйымдастыруымен студенттердің экономикалық сауаттылықты қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету және кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру мақсатында «ЕҢ ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБА» атты колледжішілік байқау өткізілді.
Байқаудың міндеттері:
-экономикалық және кәсіпкерлік салада жастардың инновациялық мүмкіндіктерін дамыту;
-нарық жағдайына үйрену қабілеті, жастардың экономикалық дайындығын арттыру;
-жастарға жеке кәсіпкерлік ынтасын дамытуға және келешек бизнес-идеяларын қолдауға мүмкіндік беру;
-инновациялық жобаларды басқару механизмдері, инновациялық іскерліктің болашағы, инновация туралы колледж студенттерінің білім деңгейлерін көтеру;
– жоғарғы бәсекелестік жағдайында инновациялық жобаларды жүзеге асыра алатын, кәсіби құзіреттілігі мен жинақтылығының жоғарғы деңгейін иеленуші, экономикалық ойлы жастардан креативті резервті құру.
Бизнес жоба байқауына ШҚО Семей қалалық Кәсіпкерлер палатасы филиалының бас маманы Адамбаев Рахмет Рымбекович, «Азаматтық қорғау жоғарғы колледжінің» «Экономика негіздері» пәнінің оқытушысы Қазизова Балзия Шахамановна, «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің» «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» пәнінің оқытушысы Муканов Мерхат Социалұлы төрелік жасады.
Байқауға әр топтан іріктеліп 18 жоба қатыстырылды. Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын ауызша, техникалық құралдар мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы қорғады. Әр қатысушыға жобаны қорғауға 7-10 минут берілді. Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың бизнес-жоспарларының әрбір бөлімін 5 балдық жүйе бойынша бағалады.
Байқаудың талаптарына сәйкес, ең көп ұпай санын жинаған Әбітаева Іңкар, Рықбекова Гүлнур, Тиянақова Айым, Сейтқанова Ляззат, Тулақбай Айпара (41 топ студенттері) І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ; Кикимова Әсем, Қабылқақова Назым, Атымтаева Балжан, Долдаева Бота (41 топ студенттері) ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ; Ербол Жансерік, Абусалықов Жақсылық (43 топ студенттері) ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталып, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.