Хабарландырулар

2022 жылдың 07 ақпан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде  «Еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, мамандарды кәсіби даярлау мазмұнын жаңарту” тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Жиын барысында педагогикалық ұжым өзекті мәселелерді талқылады. Күн тәртібіне сәйкес, педагогикалық кеңестің алғашқы сөзін  колледж директоры алып, алдыңғы педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы туралы  талдау жасады. Ұжым басшысы баяндамасында білім беру жолындағы оң өзгерістер және І жарты жылдықтағы жеткен жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды, колледжіміздің білім сапасын көтеру жолындағы алға қойылған мақсат-міндеттерін  айқындады.

Күн тәртібінің екінші сұрағы бойынша директордың ғылыми-әдістемелік жөніндегі орынбасары Боленбаева А.К., іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары Искакова К.А., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хауанова Н.Х.   2021-2022 оқу жылының 1-ші жарты жылдығындағы оқу- тәрбие көрсеткіштері туралы жан-жақты есеп беріп, талдау жасады. Алдағы жарты жылдықта оқу-тәрбие жұмысын дамыту бойынша тұжырымдамалық ұсыныстар енгізілді.

Педагогикалық кеңестің тәжірибелік бөлімінде «WorldSkills әдістемесі бойынша дайындық бағыттарының тәжірибесі мен басымдықтары” тақырыбында брейнсторминг өткізілді.  Ойталқы барысында ұжым мүшелері мамандарды даярлаудың инновациялық үлгілеріне қол жеткізу, жоғары дағды мен кәсіптік құзыреттілікке оқытудың алдыңғы тәжірибесімен танысу жолдары туралы пікірлермен бөлісті.

Педагогикалық кеңеске күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес тиісті қаулы қабылданды және 2022-2023 оқу жылына арналған қабылдау комиссиясының хатшысы тағайындалды.