10.02.2020 ж М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде жобалау-зерттеу қызметі білім алушылардың кәсібиленуінің тиімді құралы ретінде, пәндік оқу-әдістемелік кешенін жабдықтау – бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында «Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану – студенттердің 4 К құзіреттілігін дамыту кепілі» тақырыбында әдістемелік кеңес өтті.
Әдістемелік кеңес екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушылары Камбелова У.У., Акимжанова Х.Т. дарынды баламен жұмыс түрлеріне арналған тренинг өткізіп, дарынды баланы анықтау барысындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Екінші бөлімінде оқытушылар мен жас мамандардан алынған ПОӘК ні жабдықтау және ондағы қиыншылықтарға байланысты сауалнамалар нәтижелері талданып, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметін кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мақсатында қолдануды жандандыру, бәсекеге қабілетті маман даярлау құралы ретінде ПОӘК сапалы жабдықтау, жас оқытушылар арасында біліктілігін арттыруға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлері таныстырды.