13.01.2019 ж.М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 2019-2020 оқу жылының І оқу семестр қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымда шығармашылық ізденіс пен құштарлық атмосферасын дамыту, оқытушылардың әдістемелік шеберлігін жоғарлату, инновациялық идеясы мен технология банкін құрастыру, педагогикалық шеберлігін нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогтардың оқыту әдістемесін жетілдіру – әдістемелік қызмет сапасын арттыру кепілі» тақырыбында әдістемелік көрме өткізілді.
Әдістемелік көрме барысында үздік пәннің оқу-әдістемелік кешенін ұсынған «Әлеуметтік-экономикалық» пәндік әдістемелік комиссия жұмыстары колледж оқытушыларына үлгі ретінде ұсынылды. Сонымен қатар «Математика және информатика» ПӘК оқытушыларының жұмыстары да жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленді. Пән оқытушылары Т.К.Мұқанов, С.К.Абдыкаримова, Э.Н.Нурашева, А.К.Кабимолдина, Б.Ж.Калкенова, Д.Б.Музапарова, Л.У.Куспанова, К.С.Мусина, Н.А.Сербурина, М.К.Юсупова, жас оқытушылар арасынан А.М.Жаксыбаева, А.Серікханның педагогикалық құжаттарын оң нәтижеге бағыттап жүргізетіні көрмеге ұсынған материалдарынан көрініс тапты.
Көрмені ұйымдастыруға белсенділік танытқан пәндік әдістемелік комиссия жетекшілеріне әкімшілік тарапынан алғыс білдіреміз.