ТәжірибеХабарландырулар
АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА  –  120 ЖЫЛ
Мұхтар Омарханұлы Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 25.12.2023 ж. – 20.01.2024 ж. күндер аралығында іс-тәжірибе бөлімінің жоспарына сай «Бастауыш білім беру мұғалімі», “Дене тәрбиесі және спорт мұғалімі”, “Шетел тілі пәнінің мұғалімі”, «Музыкадан мектепке дейінгі және негізгі орта білім беретін ұйымдар мұғалімі», «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», “Мектепке дейінгі ұжымдардын тәрбиешісі”, “Аудармашы”,«Білім беру ұйымының тәрбиешісі» біліктіліктері бойынша оқып жатқан 4 курс, жиыны 15 топ студенттерінің дипломалды іс-тәжірибеге дайындық барысын қадағалау, байқау іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға алдын ала тағайындалған сараптау комиссия мүшелері, дипломалды іс-тәжірибе жетекшілері, тәжірибелі оқытушы –әдіскерлер қатысуда.
Тексеру барысында әр топ студенттері өз мамандықтары бойынша оқу бағдарламаларымен, әдістемелік құралдар, қысқа мерзімді сабақ жоспарлары, сабақтың дидактикалық материалдары мен көрнекіліктерден тұратын портфолиоларымен таныстырып, дайындықтарын көрсетеді.
Сондай-ақ, студенттер сабақтарында қолданатын цифрлық платформаларды (learningapps, PADLET, Bilimland, Kahoot және т.б.), интербелсенді ақпараттық оқыту технологияларын пайдаланып, сабақтың мақсатына жетуде, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қызықтыру мақсатында «Ойын технологиясы», «Проблемалық оқыту», «Деңгейлеп саралап оқыту», «Дамыта оқыту» технологияларын қолданып, ерекше білім қажет ететін балалармен жұмыс түрлері, т.б. әдістерді кеңінен пайдаланатындарын жинақтаған портфолиолары арқылы көрсетті.
️ Нәтижесінде, бүгінгі таңда 15 топтың 12-сі дипломалды іс-тәжірибесінен өтуге бітіруші топ студенттері жақсы дайындықтарын көрсетіп, сараптау комиссия мүшелерінің шешімі бойынша «Талапқа сай» даярланған деген бағаға ие болды. Қалған 3 топ студенттеріне де сәттілік тілей отырып, жоғары дайындықтарын көрсете ала білетіндеріне сенімдіміз. Жалпы алғанда, колледж директорының бұйрығы бойынша жиыны 322 бітіруші топ студенттері дипломалды іс-тәжірибиеге босатылып отыр. Өздерінің әкелген сұраныстары бойынша республикамыздың түпкір-түпкіріне жолдама алды: Астана қаласына – 3 студент, Ақмола обл. – 1, Жамбыл обл. – 1, Маңғыстау обл. – 1, Павлодар обл. – 1, Түркістан қаласына – 1, Оңтүстік Қазақстан обл.- 1, Жетісу обл. – 3, Шығыс Қазақстан обл.- 6, Семей қаласына – 186 студент жіберілсе, Абай облысының ауыл-аймақ мекемелеріне 118 бітіруші топ студенттері дипломалды іс-тәжірибиеге жіберілді.
Бітіруші топ студенттерін даярлаған барлық әдіскерлерге әкімшілік тарапынан алғыс білдіреміз! Студенттерімізге дипломалды іс-тәжірибеден сәтті өтулеріне тілектеспіз! Сәт-сапар!