2024 жылдың 20 наурызында «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша оқитын 4 курс студенттерінің «Педагогикалық практика – болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін арттырудың негізі» тақырыбында дипломалды іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты: теория жүзінде алынған білім мен дағдыны жүзеге асыру, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүргізу нәтижесімен бөлісу, жұмыстардың қорытындысын шығару.
Конференцияға колледж директорының іс-тәжірибе жұмысы жөніндегі орынбасары К.А.Искакова, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің меңгерушісі М.С.Комаева, әдіскерлер Г.К.Сәрсекова, Г.Қ.Қасымжанова мен 3 курс студенттері қатысты.
Конференция барысында әр топ студенттері іс-тәжірибе барысында атқарған жұмыстары мен кездескен кедергілерге тоқталып, ауыл және қала мектептерінде өткен тәжірибелері бойынша салыстырмалы ақпарат берді. Сыныптан тыс өткізген тәрбие жұмыстары, үйірме жұмыстары, білім беру барысында қолданылған әдіс-тәсілдері, қолданған көрнекі құралдары мен оқу-тәрбие үрдісінде түсірілген фото-видео материалдарын көрсетті.
Қатысушы топтар сұрақтарға жауап беріп, нейрожаттығулар жасады, диломалды іс-тәжірибе туралы ақпараттар алды.
Конференция соңында әдіскерлерге және студенттерімізге мектеп ұжымдары атынан берілген Алғыс хаттар табысталды.
Директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары К.А.Искакова болашақ мамандарға таңдаған мамандықтары бойынша жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.