Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

2022 жылдың 23 қыркүйегі күні Абай облысының орталығы Семей қаласына Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының жұмыс сапары аясында қалада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы Думан Сайфуллин, Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Тұрсынғалиев Қанат ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.