Әдістемелік қызметХабарландырулар
🎗️АЛАШТЫҢ ТҰНҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА – 120 ЖЫЛ!🎗️
📌Бүгін, ақпан айының 5 күні “Дене тәрбиесі және спорт” пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігі бастау алды. Онкүндік бастамасы ретінде “таңғы жаттығу немесе спорттық сұрақ” атты Sport Open іс-шарасын ұйымдастырдық. Ғалымдар жаңа күнді таңғы жаттығудан бастаған жөн деп айтады. Таңғы жаттығу – дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібінің бастапқы бөлігі. Дене жаттығуымен шұғылданған адам күні бойы өзін сергек әрі көңілді сезінеді. Спорттық жаттығу тапсырмасы түскен барлық қатысушылар берілген тапсырмаларын қатесіз орындағандарын атап өткіміз келеді.
🇰🇿Спорттық сұрақ тапсырмасында Қазақтын ұлттық ойындары жайлы сұрақтар жиі кездесті. Басты мақсат – Ұлттық ойындарымызды насихаттау. Қазақтың сан-алуан Ұлттық ойындарының түрлерін атап ғана қоймай, сол ойындардың ережесін білім алушылардың білуі біз үшін басты мақсаттардың бірі. Бұл тапсырманы да барлық қатысушылардың кіршіксіз орындауы, ұлттық ойындарымызды білуі өте қуантады.
🎯Осылайша, дене тәрбиесі пәні оқытушылары білім алушылар мен колледж оқытушыларының денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салты мен ұлттық құндылықтарды насихаттау мен дәріптеу үстінде. Бұл біздің басты миссиямыз деп білеміз.
🤸🏻‍♂️Әр жаңа күнді таңғы жаттығумен бастап, денсаулығымызды жақсартуға, ұлттық ойындарымызды білуге, насихаттауға, дәріптеуге шақырамыз!