2022 жылдың 28 наурызы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде “Дене тәрбиесі” ПӘК онкүндігінде аясында студенттер арасында таңертенгілік PR-челенджі “Қара жорға” биі ұйымдастырылды. Қара жорға биінің шығуының тарихы тым ерте заманнан басталады.
Ежелгі Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Найман-Керей хандықтары тұсында атты әскерлер ұзақ жорықтарда жүргенде үзілісте алқа-қотан тұра қалып би билеген.
Қара жорға-ұлтымыздың таза болмысын бейнелейтін төл өнеріміз.
Қара жорға билетудегі басты мақсатымыз студенттердің сабаққа деген көңіл-күйлерін көтеру, икемділіктерін дамыту және бұлшық еттерін сақтауға ықпал ету.