Хабарландырулар

19 ақпан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі» ПӘК онкүндігі аясында Тоқтарбек Сағат Қабдулманапұлы 203 топта «Дене тәрбиесі» пәнінен «Баскетбол. Допты меңгеру техникасы, допты оң (сол) қолмен иықтан беру» тақырыбында колледжішілік ашық сабақ өткізді.  Сабақта ойын, деңгейлеп оқыту технологиялары,  жекелеп оқыту, жұптық оқыту әдістері қолданылды. Баскетбол ойыны бойынша техникалық, және тактикалық іс – қимылдарды  (қозғалу, жүргізу, беру, сақинаға лақтыру, қорғауда және шабуылда, финтада іс – қимылдар) орындау кезінде білімалушылар жаңа тақырыпты жете меңгеріп, сабақ өз мақсатына жетті.