Методическая служба

Оқу орнымызда кезекті әдістемелік кеңес жоспарға сай ұйымдастырылып өткізілді. «Демонстрациялық емтихан –  кәсіптік білім беру сапасын тәуелсіз бағалау» тақырыбындағы әдістемелік кеңестің мақсаты — ТжКББ жүйесінде  демонстрациялық емтиханды ұйымдастырудың әдістері мен жолдарын  талдау, түсіндіру. Әдістемелік кеңесте демонстрациялық емтиханды өткізудің артықшылықтары мен іске асырудың талаптары  жайлы,  кәсіби маман даярлаудың  World skills стандартына сай болуы, педагог құзіреттіліктері  мен міндеттері талданып,  жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

Әдістемелік тақырыпты талдауда  шебер, әдіскер — педагогтар демонстрациялық емтиханды ұйымдастырудың талаптарын ғана емес, нәтижесін өңдеудің технологиясы мен құқықтық-нормативтік құжаттарын  да таныстырды. Колледж  директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  З.С. Алканова «Worldskills  стандарттары бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыруды  нормативтік және әдістемелік қамтамасыз ету», директордың іс-тәжірибе жөніндегі орынбасары Искакова К.А. «Демонстрациялық емтиханды өткізудің ерекшелігі», «Бастауыш сыныптарда оқыту педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің меңгерушісі : Д.Б.Музапарова «Демонстрациялық емтихан-бітіруші түлектердің кәсіби құзіреттілігін анықтау өлшемі» , педагог-шебер Б.Ж.Калкенова «Демонстрациялық емтихан –тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық түрі»,  тақырыптарында баяндамалар жасап, көпшілікке ұсынса, «Кіші сыныптарда оқыту»  құзіреттілік орталығының жетекшісі Г.А. Мавлитаева «CIS электрондық жүйесінің жұмысы тәжірибесімен бөлісті.  Аталған шара  оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын игере отырып, кәсіби білікті мамандарды даярлауда инновациялық жағдай жасау мақсатында өткізілуде. Демонстрациялық емтиханның енгізілуі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еліміздің әлеуметтік- экономикалық жаңғыруына байланысты.

Әдістемелік тұрғыдан  жүйелі, қоғам талабын ескере отырып  ұйымдастырылған іс-шараға кері байланыс жасалып, оқытушылар пікірі де тыңдалды. Демонстрациялық емтиханға қатысу  студенттерге тәжірибеде кәсіби құзіреттіліктерін көрсетуге мол мүмкіндік берері сөзсіз.