Тәрбиелік жұмысХабарландырулар

Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер- тұрманы – деп ақиық ақынның
өзі жырлап кеткендей М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ақынның туған күніне орай «ДАРИҒА ЖҮРЕК» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, ақынның өлеңдері мен әндері орындалды.
Екі бөлімнен құрылған кештің бірінші бөлімінде «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы сахналанып, екінші бөлімінде ақынның әр тақырыптағы өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 89 жасқа толуына орай ұйымдастырылған кеш көрермен қауымға әдемі әсер сыйлап, ақынның сырлы да мұңды әлеміне сапар шектірді.
Көрерменге әсерлі кеш сыйлаған коледжіміздің «Қаламгер» ақындар үйірмесінің мүшелері мен жетекшісі О.Д.Тоқабайқызына рахметтіміз!.