«Дәуірдің дара тұлғасы»
16.03.2022. күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жатақханасында заңғар жазушы М.О.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Дәуірдің дара тұлғасы» атты тәрбие сағаты болып өтті. Білімалушы студенттер М.О.Әуезовтің өмірбаяны мен шығармашылығына, нақыл сөздеріне тоқталып шықты.Аталған колледждегі абайтанушы, ғалым,профессор Қ. Мұхамедханов атындағы кітапхана қызметкері Айкебаева Шолпан Үбіғожақызы, М.О. Әуезовтің көрмеге қойылған әр туындыларына сипаттама бере отырып, таныстырды.Соның ішінде биылғы жылы аталып өтетін мерейгер кітаптарға, атақты «Абай жолы» роман-эпопеясына-80 жыл толуына орай «Алашты әлемге паш еткен «Абай жолы» тақырыбына кітап көрмесі қойылып, сонымен бірге «Еңлік-Кебек» пьесасының сахналануына-105 жыл толуына орай, 1917 жылы 7 маусымда «Еңлік – Кебек» пьесасы алғаш рет киіз үй сахнасында қойылған, «Кең тынысты дастан, үстем сахна» атты тақырыптарға ақпараттық досье өткізілді.
Шараның барысында жазушының әйгілі трагедияларының бірі – «Қарагөз» (1926) бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастар тағдыры көрсетіледі. Шығарма қаһармандары, бір-біріне ғашық Сырым мен Қарагөздің ел дәстүрі алдында «қарабет» атанып, бірінің жынданып өлуі, екіншісінің тірі жүрсе де, сергелдең өмірге душар болуы халықтың ғасырлар бойында қалыптасқан дәстүріне кереғар келуі жайлы қысқаша шолу жасалды.
Сонымен қатар Абай атындағы драма театр актерлері осы кештің шырайын келтірді.ҚР мәдениет саласының үздігі Бекбаева Сәндібала Өртқалиқызы мен сахна шебері Азамат Махмұдұлы Нұрғамыс «Қарагөз», «Еңлік Кебек» пьесаларынан үзінді көрсетіп жатақхана тұрғындарына тамаша көңіл күй сыйлады. Әнуарбек Талант өзінің жүрек жарды өлеңін арнады. Кеш әсерлі, мәнді, мағыналы болды. Жатақхана тұрғындары өздерінің ән, жырларымен, күмбірлеген күйімен М.О.Әуезовтің 125 жылдығына орай тамаша тарту жасады. Шара соңында, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хауанова Назым Хауанқызына сөз беріліп, жатақхана тұрғындарына кітап оқудан белсенді болуға шақырды.
Жатақхана тәрбиешісі Исабекова Ляйла Арғынғазықызы сөз алып, өзінің жүрекжарды тілегін ақтарыла айтып, қатысқандарға алғыстарын білдірді. Шараның өтуі жайлы жергілікті «Ертіс өңірі» газетіне публикация жарияланды.