2023 жылдың 24-25 тамыз күндері ҚР Оқу-ағарту министрлігі білім саласы қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында Республикалық тамыз кеңесі өтті
Биылғы ерекшелік – 20 өңірде тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізілді.
Абай облысында «Оқуға құштар ұлт» тақырыпта секциялық отырыс 24 тамыз күні төрт бағытта өтті.
1-секция Семей қаласындағы “М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде” “Оқуға құштар колледж-оқуға құштар ұлт” тақырыпта өтті. Отырыста 50-ге жуық кітапхана қызметкері бас қосты.
Секция жұмысын «Көкжиек-Горизонт» баспасының әдістемелік департамент жетекшісі, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Юсуп Пархат Қорабайұлы жүргізіп, «Оқушы кітапханасы – білім мен тәрбие құралы» тақырыбында баяндама оқыды.
Қатысушыларға өзге облыстан келген кітапхана мамандары «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру бойынша ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері, қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін маңызды көрсеткіш-оқу сауаттылығы, кітапханаларды автоматтандыру мәселелері бойынша озық іс-тәжірибелер таратылды.
Жиын соңында сұрақтар қойылып, талқылау болды. Секция жұмысының нәтижелері бойынша ұсыныстар қабылданды.
өтті.