М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, “Шет тілі және оқыту әдістемесі” онкүндік аясында ‘Conversation club’ айтылым дағдысын дамытатын клуб жұмысының кезекті отырысы өтті. Қойгелдина Б.Ж жетекшілік ететін ‘Conversation club’ қаламыздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шетелдік оқытушы-волонтерларымен тығыз жұмыс жасайды. Клуб 7 жылдың көлемінде шетелдіктермен (native spreakers) бірлесе отырып жұмыс атқаруда.Бүгінгі ұйымдастырылған Speaking club қонақтары НЗМ шетелдік оқытушы-волонтерлары Mr Anifowose Micheal,Mr Macharia Samwel.Клубтың белсенді мүшелері 3-курс студенттері “The influence of the theatre for human life” тақырыбында көрермен болып келген білім алушыларға Brainstorming (миға шабуыл) жасап , тақырыптың өзектілігіне тоқталды.Әлемге танымал фильмерден (Pirates of caribbean, Charly and a chocolate factory,Titanic,Harry Potter) үзінділер көрсетіп, ағылшын тілінде проблемалық сұрақтар қою арқылы, әр қатысушыға сыни тұрғыда ойлауына мүмкіндік тудырды.Кездесуде клуб координаторлары Каримова Диана, Құбаш Аружан,Смагулова Еркежан,Бақтыбекова Ақерке қонақтарды Mr Micheal,Mr Samwel тақырып бойынша сөзге тартып, еркін пікірлесуге мүмкіндік туғызды.Қатысушы студенттер ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе отырып, өмірмен байланысты мысалдармен бекітіп отырды. Студенттердің шет тілінде еркін пікірлесіп, ой алмасып отыруына келген шетелдік қонақтар ризашылығын білдірді. Қатысушылардың Feedback (кері байланыс) бөлімінде ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытатын бүгінгі клуб жұмысының ерекшелігіне тоқталды.
Әрине ол-достық және бейресми орта, көбінесе ойын форматында ұйымдастырылуы.Екіншісі-талқылау үшін қызықты және өзекті тақырыптар,соған сәйкесінше пайдалы сөз тіркестері мен сөйлем құрылымдарын қолдануы. Үшіншісі-тәжірибе. Сөйлесу барысында есту қабілетінің әртүрлі интонацияларды, қарым-қатынас стилін қабылдауы, диалогты шыңдауға мүмкіндіктің берілуі.