«АБАЙ МҰРАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНАН ӨТКЕН ӨНЕР БАЙҚАУЫ.
32-қарасөз. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі… Біздің студенттеріміздің білім-ғылымға деген махаббатына төтенше жағдай да тосқауыл болмақ емес. Семей қаласы М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Серпін» бағдарламасымен келіп білім алып жатқан студенттеріміз «Абай мұрасы» атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы Абай Құнанбаевтың шығармаларынан өткен өнер байқауына қатысып жүлделі орындар иеленді. …