27 наурыз – Халықаралық театр күні!

Театр қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде, ұлы өнердің ұлықталар күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжіндегі “Ес-Аймақ” драма үйірмесінің жетекшісі С.С.Калиева сыр-сұхбатқа толы тамаша кездесу өткізді. Кездесу қонақтары – Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, SmarTDrama театр лабораториясының жетекшісі Фархад Молдағали, “Дариға-ай” жастар театры әдеби бөлімінің меңгерушісі Гүлжан Құдайберген, көркемдік жетекшісі Еркебұлан Әбдірахманұлы, актері Әділжан Серікқалиев…

Есіңе мені алғайсың” ән байқауы

“Музыка және көркем еңбек” ПӘК онкүндігі аясында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай ақын өлеңдеріне жазылған әнді көпшілікке таныту, жастардың шығармашылық қарым-қабілетін дамытуға жағдай жасау және патриоттық, ізгілік, рухани-адамгершілік рухта тәбиелеу мақсатында колледж оқытушылары арасында “Есіңе мені алғайсың” атты ән байқауы өтті. Жылма-жыл дәстүрлі түрде өтетін шараға оқытушылар жұп құрып қатысты. Әділқазылар сахналық қойылым, әннің…

Имидж-коктейль «Сабақта тренингті ұйымдастыру тиімділігі» атты тренинг ұйымдастырылды

26.03.2021 күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Музыка және көркем еңбек » пәндік әдістемелік комиссиясының онкүндігінің аясында жас оқытушылармен Имидж-коктейль «Сабақта тренингті ұйымдастыру тиімділігі»  атты тренинг ұйымдастырылды. Музыка пәнінің тәжірибелі оқытушысы Нұргүл Сағымбаева өткізген имидж коктейль тренинг  педагог мамандардың  жеке даралық  қасиеттері арқылы  тұлғаның өзін-өзі ашуына көмек беру, имиджін қалыптастыру мақсатында әртүрлі тапсырмаларды  топпен орындап, топтың…

Жасөпірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтары

Жасөспірімдердің өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, өз мүмкіндіктерін анықтап,  жарасымды мінез  ерекшеліктері мен сенімді мінез-құлықтарын қалыптастыру мақсатында колледждің әлеуметтік педагогы А.С.Рысбекова  І курс студенттерімен тренингтер ұйымдастырды. Тренингтер барысында «Өміріңнің бақытты  сәттері», «Менің – көңіл күйім», «Психогимнастика», «Аспанға қалай жетуге болады?», «Шынымды айтсам мен бүгін» жаттығулары жүргізілді. Тренингтан студенттер жақсы әсер алды.

«Startup-2021: айтулы тұлғалар, атаулы күндер» жобасы

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен айтулы тұлғалардың мұрасын жастарға насихаттау, ұлы есімдерді ұлықтау мақсатында «Startup-2021: айтулы тұлғалар, атаулы күндер» жобасы бастау алды. Кешенді шара ШҚО білім басқармасымен және Семей қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара қонақтары: М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер ғылыми орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор М.Қ.Кәрімов, Семей қалалық мәдениет…

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетімен серіктестік кездесу

17.03.2021 жыл М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі “Музыка және көркем еңбек ” ПӘК онкүндігінің жоспарына сәйкес өткізіліп отырған Шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университетімен серіктестік кездесу. Әдістемелік дежавю.”Кредиттік технология-студенттің өзін-өзі жүзеге асыру факторы ретінде ” тақырыбы бойынша “Өнер және музыка” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, п.ғ.к., Бодауова Б.Қ. кездесу өтті. Мақсаты:Ұлттық білім беру бағдарламаларын, халықаралық деңгейде танып – білу,…

Сольфеджио пәні бойынша шебер сынып

«Музыка және көркем еңбек» ПӘК онкүндік аясында 15.03.2021 ж. “Синкопа және оның түрлері” тақырыбында элементарлық теория, гармония пәнінен оқытушы Бузаубагарова Р.Ш. 0108000 “Музыкалық білім беру” мамандағының 1 курс 18 топ білім алушыларымен шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: студенттің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда “MuseScore” бағдарламасын қолданудың тиімділігін көрсету. Міндеттері: синкопа ырғақтың ерекшеліктерін түсіндіру, қағыс және аспап арқылы көрсету,…

«Музыка және көркем еңбек» ПӘК онкүндігінің жоспары 15.03.2021-25.03.2021

ПӘК онкүндігіннің мақсаты: Жастардың патриоттық, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында ұлттық сананы рухани жаңғырту арқылы   білім беру процесін жетілдіру, студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамыту. № Іс-шара Мерзімі Өту орны Жауапты 1 Сольфеджио пәні бойынша шебер сынып: Тақырып: «Синкопа және оның түрлері» Мамандығы: 0108000 «Музыкалық білім беру» І курс, 18топ 15.03.2021 Сағ. 10.25   №1 ғимарат № 210…

«Отандық педагогикалық әдістемелер мен технологиялар» тақырыбында теориялық әдістемелік семинар

11.03.2021 күні «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК «Жас оқытушылар мектебі» аясында «Отандық педагогикалық әдістемелер мен технологиялар» тақырыбында теориялық әдістемелік семинар өткізді. Аталған семинарға колледжімізден «Педагогика және психология» ПӘК оқытушылары Сарсекова Г.К. «Арнайы пәндерді оқытуда Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолдану” тақырыбымен, Жунусова Л.Б. «Ш.А.Амонашвилидің білім берудің ізгілендіру технологиясы» тақырыбымен баяндама оқыды. Тәжірибелі педагогтардың жас оқытушыларға берері мол…

«Даланың дара ұстазы» ашық тәрбие сағаты

«Даланың дара ұстазы» қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, этнограф, фальклоршы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 31-топта онлайн ашық тәрбие сағаты өтті. Топ жетекшісі: Жумагулова Әсем Алибековна. Тәрбие сағатының мақсаты: Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин өмірі, жазушы…