КОЛЛЕДЖІШІЛІК «BEST VOICE» ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ

Жүргізуші – тұла бойын көргенде көңілің толатын, айтқан сөздері құлақ құрышыңды қандыратын, сахнада көрерменін баурап алатын жан. Оның сөздері түсінікті және дұрыс құралған болуы керек. Сауаттылық, ойын дұрыс жеткізе білу, керек кезде езу тарта және әзілдей білу, ал кейде ұстамды бола білу – міне, осы қасиеттер оны өз ісінің кәсіпқой маманына айналдырады. 3 ақпан күні…

“Ұят – үкім емес” жобасы

Қазақ халқы қыз – болашақ ана, шаңырақтың берекесі деп, оның тәрбиесіне баса мән берген. Қыз баланы кішкентайынан алақанына салып аялап өсіріп, нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты бойына сіңіре отырып тәрбиелеген. Ерте жастағы жыныстық қатынастар, ерте жүктілік пен аборт мәселерінің алдын алу мақсатында колледждің І курс қыздары арасында “Ұят – үкім емес” жобасының авторы, “Жас белсенді” ұйымының…

Жерлесіміз, қос тілде бірдей жазатын ақын, жазушы, аудармашы, абайтанушы, әуезовтанушы, М.Сұлтанбековтың 85 жылдығына арналған қалалық шараларға колледж студенттері белсенділікпен араласуда. 25 қаңтар күні «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында» өткен «Абай ұлағатынан нәр алған қаламгер» кешіне БББ 22-09-01 тобы, Өлкетану музейінде өткен «Даналығын Абайдың ұлықтаушы» атты кешке ҚТ 21-09 топтары қатысты. Кеш барысында ақынның…

Кездесу

26 қаңтар күні полиция аға лейтенанты М.С.Дакыбаев пен аға сержант М.С.Алашқанның қатысуымен 1,2 курс ұлдары арасында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында аға лейтенант М.С.Дакыбаев теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері, түнгі уақытта көшеге шығу тәртібі туралы айтып өтті. Суық қару ұстау, суық қарумен ұсталған жағдайда қолданылатын жазалар туралы ескертті. Қазіргі таңда қоғамдық орында балағат сөздерді қолданып сөйлеушілерге қолданылатын…

«Қарттарымыз-қазынамыз»

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің бастауыш білім беру бөлімінің 1-2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен Семей қаласындағы қарттар үйіне барып «Қарттарымыз-қазынамыз» атты концерттік бағдарлама өткізіп ата әжелердің көңіл күйлерін көтеріп, сыйлықтарын беріп қайтты.Концерт заманауи бағытта музыкалық аспаптармен ретро және қазақ биімен өрбіді.Концерт соңында қарттарымыз билеп көңілдері көтеріліп, бір жасарып марқайып қалды. Қарияларымыз – халқымыздың қиядағыны шалатын қырағы жанары,…

«Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы

«Абай облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Бірге! Бір толқында!» облыстық жастар форумы аясында ұйымдастырылған «Заманауи медиа» тақырыбын қорытындылау кеші өтті. Бұл кеште Абай облысы әкімі Н.Т.Уранхаев “Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші” деп ерекше атап өтті.  Сонымен қатар, бұл кешке Семей қаласының мемлекеттік қызметкерлері, белсенді азаматтары, оқу орындарының үздіктері қатысып,…