Педагогикалық консилиум

Сапалы білім-болашаққа сенімді қадам. Адам баласының жастық шақта алған білімі-өмірлік азық. Сол мақсатта  М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі «Шет тілі» бөлімінің ШТ 21-11 тобында «Білім сапасын арттыру:мәселелер мен шешу жолдары» атты педконсилиум өтті. Педконсилиумға топ студенттері, оқытушылар және ата-аналар қатысты. Күн тәртібінде топтың білім сапасының төмендеуінің себептері, сабақ босату сияқты мәселелер қарастырылды. Алдымен топ жетекшісі Асылбек…

Дзюдо күресінен республикалық турнир

Дзюдо күресінен 2006-2007 ж.т жасөспірімдер мен қыздар арасында Семей өңірінде өмірден өткен спортшылар мен жаттықтырушыларды еске алуға арналған республикалық турнирінде Сжо-21-09 топ студенті Даулетбаев Манар “81” келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі 3-орынды өз қанжығасына байлады.

Киокушинкай-кан каратэ Республикалық Кубок жүлдегері

Киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер,қыздар,жастар, әйелдер және ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогында 18-20 жас аралығында 55кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 43 топ студенті Тоқтар Дина жүлделі 2-орынды иеленді.

Наурыз-2023

08.04.2023 күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Әз-Наурыз мерекесі сән-салтанатпен тойланып,атап өтілді.Наурыз мерекесінде жарапазан айтылып,  би билеп, өнерлі студенттер ән салды, сонымен қатар ұлттық ойындар оның ішінде бестас,тоғызқұмалақ, қол күрес, гір көтеру, арқан тартыс, алтыбақан ойналып, дәстүрге айналған Наурыз мейрамы көтеріңкі көңіл-күйде, жоғары дәрежеде өтті. Наурыз көже таратылып, барша келген қонақтар жылы лебіз білдірді.

“Lesson Study тәсілін мектептерде қолдану” тақырыбында семинар

07.04.2023, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Педагогикалық шеберлік орталығының тренері, Дидар Эрнестовнамен “Сабақты зертттеу, Lesson Study тәсілін мектептерде қолдану” тақырыбында семинар өткізілді. Жауапты оқытушы Койгельдина Б.Ж. Семинарға қатысқан шет тілі бөлімінің 3-4 курс студенттері Lesson study тәсілі жайлы толық ақпарат алып, орындалу кезеңіндегі барлық қадамдармен танысып, мектептерде қалай іске асыруға болатыны жайлы сан түрлі мағлұматтарға қанық…

Көкпекті ауданының әкімі Д.Т.Оразбаевпен кездесу

7 сәуір күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде Көкпекті ауданын басқарып отырған тәжірибелі де іскер әкім Ділдәбек Оразбаев пен Көкпекті ауданының беделді азаматтары және өнерпаздарымен жастарды ауылға жұмысқа шақыру мақсатында кездесу өтті. Шараға биылғы оқу жылында Колледжде Көкпекті ауданынан келіп, білім алып жатқан, 41 студент және оқытушылар қатысты. Аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы Көкпекті ауданының болашағы туралы айта…

«WORLDSKILLS – 2023» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ

06.04.2023 ж. күні М.О.Әуезов атындағы колледжінде «БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ОҚЫТУ» ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ БОЙЫНША «WORLDSKILLS – 2023» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЧЕМПИОНАТ ӨТКІЗІЛДІ. Чемпионатқа колледжден жиыны 6 студент қатысып, өз мамандығы бойынша WorldSkills талаптарына сай модульдерді қорғап шықты. Аталмыш құзіреттілік бойынша бақ сынаған әр қатысушы әр кезеңде бар ерік-жігерін, қарым-қабілетін көрсетті. Жас таланттар сайысының қорытындысын бірнеше жыл WorldSkills Республикалық чемпионаттарының эксперт-компатриоты,…

Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру — педагогтардың, психологтардың және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс. Колледж оқытушылары Г.С.Маметекова мен Ж.Төлеубекова қаламыздағы №16 Төлеубай Аманов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушыларға…

Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік ақпарат – орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. 05.04.2023 күні №44 ЖОББМ Колледж мамандары Ш.У.Айкебаева мен Ж.М.Бигазиева кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар колледждегі түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алды. Мамандық бойынша қойылатын талаптармен таныстырып, олардың ерекшелігі, қоғамда алатын орны туралы түсініктер берді.

Республикалық пікірсайыс турнирі

01.04-02.04.2023ж. аралығында Шәкәрім университетінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына арналған “Адамдық борышың…” республикалық пікірсайыс турнирі өтті. Республикалық пікірсайыс турниріне Астана, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Алматы және Семей қалаларының пікірсайысшыларынан құралған 32 команда қатысты. Турнир нәтижесі бойынша: Оратор ДК-ның экс-координаторы, “Бастауыш білім беру” бөлімінің 41 топ студенті – Дуйсенгазина Аяулым финалистер қатарынан көрінді.