“ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ” ПӘНДІК-ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ ОНКҮНДІГІ

22.11.2021-02.12.2021 ж. аралығында М.О.Әуезов Атындағы Педагогикалық Колледжі “Педагогика және психология” ПӘК онкүндігі өтетінін хабарлаймыз! Онкүндіктің мақсаты: педагогикалық іс-тәжірибе алмасу арқылы жинақтау, талдау, сараптау, бағалау іскерліктерін дамыту, шығармашылық ізденіс пен педагогикалық шеберлікті ортасын құру. ПӘК оқытушыларына тек сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз! Онкүндіктің бейне жоспарын назарларыңызға ұсынамыз!  

Шаңырақтың шыңдары

2021 жылдың 2 желтоқсанында «Педагогика және психология ПӘК онкүндік аясында  атаулы кабинеттердің КҒЗО жұмысын насихаттау мақсатында «Шаңырақтың шыңдары» атты колледжішілік педагогикалық сторис өткізілді. Мақсаты – Қазақстан Республикасындағы көне оқу орындарының бірі, еліміздің рухани орталығы Семей педагогикалық оқу орынының шежірелі тарихын танып білу, оқу орнында әр кезеңдерде білім алушылардың еліміздің дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестерін жас…

«Курс жұмысын жаздыру әдістемесі» инструктивті семинары

● 2021 жылдың 16-қарашасында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің жас оқытушылар мектебінде жас мамандармен «Курс жұмысын жаздыру әдістемесі» тақырыбында инструктивті семинар өтті. ● Мақсаты: жас оқытушыларға студентке курс жұмысын дұрыс орындатуға, курс жұмысына ғылыми жетекшілік жасауда әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру . ● Инструктивті семинар барысында жас оқытушылар мектебінің жетекшісі Г.К.Сарсекова мен педагогика пәнінің оқытушысы Л.Б.Жунусова…

Алдын алу жұмысының хаттамасы

18.11.2021 оқу жылы сағат 14:00 М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің акт залында 1 курс студенттермен жас жеткіншектер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Ерте жүктілік» тақырыбында дәрігер-гинеколог Жанбазар Балнұр Мырзабекқызымен кездесу өткізілді. Қатысқан студенттердің саны : 94

“Ағылшын тілі”ПӘК онкүндігінің қорытындысы

“Ағылшын тілі” ПӘК шеңберінде оқу үрдісін жетілдіру, оқытушылардың педагогикалық шеберлігін көтеру, колледждің жас оқытушыларына әдістемелік көмек беру, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу мақсатында өткізілген онкүндіктің қорытындысы  

Song association

«Ағылшын тілі» ПӘК он күндігі барысында 44 топ білім алушыларымен, Кажанова А. Д ұйымдастыруымен «Song association» тақырыбында музыкалық-интеллектуалдық шоу өткізілді. Іс-шараның мақсаты: – Білім алушылардың мотивациясын, ұйымдастырушылық, креативтілік қабілеттерін ән айту мен интеллектуалдық ойындар арқылы фонетикалық, лексикалық, сөйлеу  деңгейлерін дамыту. Шоу музыкалық топтардың өздерін креативті түрде таныстыруымен бастау алды. Сонымен қатар вокалдық қабілеттері мен интеллектуалдық…

Тәуелсіз елдің ұрпағы

Қазақстан  Тәуелсіздігінің 30 жылындағы табыстарын көрсету жастардың бойында патриоттық қасиеттерді дамыту, өз мемлекетінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу,Тәуелсіз елдің тарихын терең меңгеруге назар аудару,студенттердің өз бетінше зерттеушілік әрекетін ынталандыру,дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Тәуелсіз елдің ұрпағы» студенттік эссе байқауының қорытындысы. Қазақ тілінде эссе жазу бойынша жеңімпаздар: 1-орын, Қайратқызы А (36-топ) 2-орын, Туржанова Ә(21 топ)…

Folk tale cocktail

8.11.21 М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде 1 курс білім алушыларына арналған “Folk tale cocktail” атты сыныптан тыс іс шара, 24 топ білім алушылармен өтті. Оқытушылар: Койгельдина Б.Ж Асылбек Д.М. Сабақтың мақсаты: білім алушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ертегілер әлеміндегі кейіпкерлердің роліне еніп драматизациялау. Сыныптан тыс іс шара барысында білім алушылар өздерін еркін ұстап, әр кейіпкерді сомдап рольдік…

Колледжішілік “Тілдарын-2021” олимпадасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, «Шет тілі» бөлімінің 1-2 курс білім алушылары арасында қазақ,орыс,ағылшын тілдерінен колледжішілік «ТІЛДАРЫН-2021» олимпиадасы өткізілді.Олимпиада білім алушылардың тіл мәдениетін жетілдіру;тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;Қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу;үш тұғырлы тілді – мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгеруді…

Инклюзивті білім беру педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты:ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін жеке білім траекториясын жобалау

  02.11.2021 Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде ағылшын тілі апталығының аясында. “Инклюзивті білім беру педагог кәсібилігінің жаңа тұрпаты:ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін жеке білім траекториясын жобалау” атты коучинг өтті. Коучингті Семейдің Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің оқытушысы Кунебаев Н.И. өткізді. Инклюзивті оқыту баршаның сапалы білімге қол жетімдігін қамтамасыз етуге бағытталған білім жүйесін тарату процесінің бірі…